Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақ қызына уыс-уыс ақша шашқан африкалықтың үйлену тойы дүркіреп өтті (видео)

KAZAKBOL.COM

Уыс-уыс ақша шашып, желіде қызу талқыға түскен Нигерия азаматының қазақ қызымен үйлену тойы дүркіреп өтті. Қос ғашықтың тойында тағы да көк қағаз уыстап шашылды, деп хабарлайды Экспресс К.

Үйлену тойдың бейнежазбасы Instagram-дағы Qaz.stars парақшасында жарияланды. Видеода нигериялық азамат пен қазақ қызының биін көруге болады. Ал айналасында жақындары тағы да уыстап ақша шашуда. Кейін жұп ғашықтар биін билейді.

Қазақ қызы Нигерияның Лагос қаласының азаматына тұрмысқа шыққан туралы видео салғанмын. 23.12.2021 жылы дүркіреп тойлары өтті. Бұл жұбымыз ұзақ уақыт бірге жүріп үйленуге шешім қабылдаған. Бақытты болсын! , — деп жазылған видео астында.

Қазақ қызының өзге ұлт өкілімен шаңырақ көтерген бейнежазбасына желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.

«Мына қызды ақшаға көмді ғой». «Қалай ғана өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығады, тәрбие қайда?» «Қазақтың жігіттері жүріңдер ауздарыңды ашып», — деп жазуда желі қолданушылары.

Естеріңізде болса, бұған дейін сәукеле киген бойжеткенді күйеу жігіт тарапы ақша шашып ұзатып алып кеткендігі жайлы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Экспресс К африкалық азаматқа тұрмысқа шыққан тағы бір қазақ қызы туралы жазды. Сонымен қатар, атыраулық бойжеткен Заида Жаңабаеваның африкалық жігітке күйеуге тигені де көпке белгілі.

источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM