Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан ауғандықтар үшін транзит дәлізін ұсынады

KAZAKBOL.COM

Қазақстан судья, депутат болып жұмыс істеген ауған әйелдері мен олардың отбасына транзит дәлізін ұсынады деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

«Қазақстанның гуманитарлық салада халықаралық міндетін орындаушы ретінде мемлекет басшысы парламентте және сотта жұмыс істеген ауған әйелдері мен олардың отбасына транзит дәлізін ұсыну жөнінде шешім қабылдады», — делінген хабарламада.

Informburo мәліметінше, транзит дәлізі арқылы 99 адам ұшуы тиіс.

17 қазанда Қазақстан тарабы «Талибан» әкімшілігінің жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету және сауда-экономикалық қарым-қатынасты қалпына келтіру мәселелерін талқылаған. Қазақстандық дипломаттардың әрекеті әлеуметтік желіде сынға ұшырады. Атап айтқанда, кей сыншылар бес мың тонна ұнды Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде жіберуді терроризмді қаржыландыру ретінде бағалаған.

Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтанның «Талибан» билігімен қарым-қатынасы жөнінде сұрақтарға жауап берді.

Министр «Талибан» қозғалысының халықаралық террористік ұйымдар тізімінде екенін, сол себепті әзірге халықаралық қауымдастық Ауғанстанның жаңа билігін мойындамағанын айтып өткен.

«Халықаралық қауымдастық мойындау үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі арнайы резолюция қабылдауы тиіс» деді ол.

Министрден ақпарат құралдары СІМ өкілінің қару ұстаған тәліптермен суретке түсуі туралы да сұраған.

«Ол (СІМ өкілі) президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі арнайы уәкілі жетекшілік еткен қазақстандық делегацияның құрамында болды. Делегация Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету бойынша арнайы миссиямен барған. Себебі халықаралық қауымдастық арасында Ауғанстанның гуманитарлық дағдарысқа ұшырауына жол бермеу туралы ортақ келісім бар. Себебі оның есірткі айналымы, діни экстремизмнің жандануы сияқты қауіпті салдары болуы мүмкін» деді Тілеуберді.

Оның айтуынша, Қазақстан билігі Ауғанстанға 5 мың тонна ұн жіберуден басқа көмек беру мәселесін қарастырып отырған жоқ.

«Қазір мәселе бұл елмен саяси келіссөз жүргізу емес, ауған халқына көмек көрсетуде болып отыр» деді вице-премьер.

Қазақстан Жоғарғы соты 2005 жылы 15 наурызда «Талибан» қозғалысын террористік ұйым деп танып, қызметіне тыйым салған. Ауғанстан билігін басып алған ұйым 7 қыркүйекте жаңа үкімет құрамын жариялаған. Министрлер кабинетінде бірде бір әйел жоқ, басым бөлігі терроршылар тізіміне енген «Талибан» содырларынан құралған. АҚШ тәліптер үкіметін уақытша немесе ауыспалы кабинет деп атаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM