Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан Ауғанстандағы барлық тарапты «биліктің бейбіт транзитін қамтамасыз етуге» шақырды

KAZAKBOL.COM

Нұр-Сұлтан «Ауғанстандағы жағдайдың даму барысын мұқият қадағалап отыр». Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің Ауғанстандағы жағдай бойынша 19 тамызда жарияланған мәлімдемесінде айтылды.

«Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың даму барысын мұқият қадағалап отыр.

Аталған елдің тарихында тағы бір шешуші сәт келе жатыр. Көпжылдық жанжалды ауған халқы өзі шешуі керек.

Қазақстан барлық тараптарды ішкі тұрақтандырудың басты алғышарты ретінде биліктің бейбіт транзитін қамтамасыз етуге шақырады. Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің инклюзивті және өкілдік үкімет құру, ұлттық азшылықтар мен әйелдердің құқықтарын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу, халықаралық құқықты сақтау туралы мәлімдемесін қолдаймыз», — делінген СІМ мәлімдемесінде.

«Осы ережелерді орындау Ауғанстанның жаңа билігімен диалогты бастау үшін қажетті шарт болуы тиіс», деп есептейді министрлік.

Ауғанстанның барлық дерлік ауданы және оның астанасы Кабул «Талибан» қозғалысының бақылауына өтті. Бұның алдында бұқаралық ақпарат құралдары тәліптер Ауғанстандағы жаңа жүйеге қарсылық акциялары кезінде кем дегенде үш адамды өлтіріп, ондаған адамды жаралағанын хабарлаған. Қақтығыс Кабулден 150 шақырым жерде орналасқан Желалабад қаласында сәрсенбі күні болған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM