Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан ЕАЭО нарығында «қытай тауарының заңсыз айналымы» ұлғайғанын мәлімдеді

KAZAKBOL.COM

Алматыда 15 ақпанда Қазақстан, Қырғызстан және Ресей кеден мен салық қызметтері өкілдерінің кездесуі өтті.

Қазақстан үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүздесуде үш елдің салық және кеден қызметтерінің жұмыстарын тиімді үйлестіру мәселелері талқыланған.

Қазақстан делегациясының басшысы, премьер-министрдің орынбасары — сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтано «соңғы кездері Еуразиялық экономикалық одақ нарығында қытай тауарының заңсыз айналымы ұлғайғаны байқалады» деп мәлімдеді. «Бұл мәселеге біздің үкіметтер бейжай қарамауы тиіс. Мұндай жағдай нарықтағы бәсекені арттыруға кері әсер етеді, түптеп келгенде экономиканың бірқатар салаларының дамуын тежейді», — деді ол.

Еске салайық, Қазақстан «қытай тауарларының заңсыз айналымы» туралы бұған дейін бірнеше мәрте мәлімдеп, бұған Қырғызстанды ашық айыптаған. 2020 жылғы маусым айында Қазақстан қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитеті «Қырғызстан экспорты мен Қазақстан импорты мәліметтері үйлеспейді: Қырғызстан цифрлары он есе аз» деп мәлімдеген. Қырғызстанның экономика министрлігі қатені Қазақстаннан іздеу керек деп жауап берген.

Қазақстан жағы шекарадағы тексерулерді «заңсыз импортпен» күрес деп сипаттаған. Соның салдарынан Қырғызстан шекарасында жүк көліктері ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Ресми Бішкек ЕАЭО-ға мүше елдер арасында мұндай негізсіз тексерулер болмауы тиіс деп отыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM