«Қазақстан темір жолымен» келісімге сәйкес, 1 сәуірден бастап «Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс» бағытында қатынайтын №647/648 пойызы жолға шығады», деп хабарлады «Узбекистон темир йуллари» компаниясының баспасөз қызметі.
Екі жылға созылған үзілістен соң Өзбекстанның жолаушы пойызы шетелге қатынай бастайды.
Жолаушы пойызы «Нүкіс» вокзалынан сейсенбі, жұма және жексенбі күндері жолға шықса, дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері Бейнеуден қозғалады.
«Жақын шетелдегі басқа да елдермен теміржол қатынасы тараптардың келісіміне сай ашылады», — делінген теміржол компаниясы таратқан ақпаратта.
Еске салайық, Өзбекстан 2020 жылғы наурызда коронавирус пандемиясына байланысты сыртқы теміржол қатынасын тоқтатты.
KAZAKBOL.COM