Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді

KAZAKBOL.COM

Қазақстан жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек береді. Бұл туралы 10 ақпанда премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.

«Мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешек, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінеді. Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына төрт әуе рейсімен жеткізілмек» деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияға да 1 млн доллар көлемінде шұғыл көмек беретінін мәлімдеген.

Қазақстанда еріктілер Түркия мен Сирияда зілзаладан жапа шеккендерге көмектесу үшін жылы киім, дәрі-дәрмек, қажет заттар жинап жатыр. Кейбірі қаржылай көмек беру жағын қарастырып жатыр. Бұған дейін еріктілер Түркияда қыс кезінде далада қалған тұрғындарға көмектесу үшін киіз үйге ақша жинаған. Бір күн бұрын олар 20 млн теңге жиналғанын, ақша жинау аяқталғанын айтқан. Түркияға жүзден астам киіз үй жіберіледі.

6 ақпанда таңертең Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны сағат сайын артып барады. Кейінгі мәліметке қарағанда, Түркия мен Сирияда 19 мыңнан астам адам опат болған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM