Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда қаңтар оқиғасына байланысты 18 шетел азаматы қамауға алынған

KAZAKBOL.COM

Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова мемлекеттік «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында елде қаңтар оқиғасына байланысты 18 шетел азаматы қамалғанын айтты.

Уәкілдің сөзіне қарағанда, қазір тергеу изоляторында отырған 18 азаматтың 14-і — Өзбекстан, екеуі – Ресей, екеуі – Қырғызстан азаматы.

Қазақстанда қаңтар оқиғасы кезінде және одан кейін елде ұсталғандардың азапталғаны туралы көп хабар шыққан. Ұсталғандардың туыстарының айтуынша, «айыпты мойындату үшін» күштік құрылымдар ұсталғандарды ұрып-соққан, денелеріне үтік басқан, электрошокер соқтырған. «Кемпірауызбен тісін жұлмақ болды, тырнақтарына ине сұқты» деп шағымданған азаматтар да бар.

Бұған дейін омбудсмен «полицияның дөрекі қарым-қатынасы жөнінде» шағымдар түскенін, оларды бас покуратураға жолдайтынын айтқан. Азаматтық белсенділер мен құқық қорғаушылардың сынына жиі ұшырайтын омбудсмен мемлекеттік арнаға берген сұхбатында өзіне 80 шағым келіп түскенін айтқан. Жартысы – «ұстағандарға дөрекілік көрсету» туралы шағымдар. Ол шағымдардың барлығы прокуратураға тапсырылатынын айтқан.

Эльвира Әзімованың айтуынша, тергеу кезінде заңсыз әдістердің қолданылуына байланысты қозғалған қылмыстық істер 191-ге жеткен.

«Қамауда жараланғандар мен соққыға жығылғандар көптігі жайлы хабарламаларға қатысты мына нәрсені атап өткім келеді: Хабарламалар 8 қаңтардан кейін кульминациясына жетті. Қазір қамауға алынғандар арасында жараланған 55 адам бар, сынған жері бар 8 адам, 212 адамда ісік (гематома) бар. Емделіп жатыр. Алғаш ұсталған кезде олар жедел жәрдем көліктеріне жете алмады» деді ол.

Оның айтуынша, Алматы қаласы, Алматы мен Жамбыл облыстарында қамалғандар арасында 16-17 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімдер бар. Бірақ олардың санын нақтыламаған. Оның айтуынша, оларға жаппай тәртіпсіздік, ғимаратты басып алу, қару-жарақ ұрлау сияқты ауыр баптар тағылған.

Ол Қазақстан ратификациялаған Бала құқықтары конвенциясын алға тартып, жасөспірімдердің қамаудан босатылғанын, тек Таразда прокурор тексерісінің аяқталмағанына байланысты бір жасөспірім қамауда қалғанын айтқан.

Қамаудағы азаптаулар жайлы ақпараттар көбейген шақта қаңтар айының ортасында Алматыдағы тергеу изоляторы мен уақытша қамау орындарына кіріп шыққан омбудсмен «полицияның дөрекі қарым-қатынасы туралы» шағымдар бас прокуратура мен ішкі істер министрлігіне тапсырылады деп айтқан. Ол тергеу изоляторы мен уақытша қамау орындарында отырғандандарға қатысты «террорист» ұғымын қолданып, оларды бейбіт шеруге қатысқандардан ажырату қажеттігін алға тартқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM