Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда ҰҚК төрағасының тағы бір экс-орынбасары ұсталды

KAZAKBOL.COM

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин сот шешімімен қамауға алынды. Мұндай ақпаратты дүйсенбі, 7 ақпанда жергілікті ақпарат құралдары таратты.

«Сот К. Мәсімов, А. Садықұлов пен Д.Ерғожинді тұтқындауға санкция бергенін хабарлаймыз. Қылмыстық іс «құпия» саналады» деген ҰҚК сөзін келтірген жергілікті БАҚ.

Дәулет Ерғожин 2016 жылғы қарашадан биылғы қаңтарға дейін ҰҚК төрағасының орынбасары болған. Оған дейін қауіпсіздік я құқық қорғау саласында Ерғожинның ешқандай жұмыс тәжірибесі болмаған. Ол бұл қызметке Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағалығына тағайындалған соң екі айдан кейін келген.

5 қаңтарда Қазақстанның шығысы мен оңтүстігіндегі наразылықтарға беймәлім топтар араласып, арты қантөгіске ұласты. Сол кезде Тоқаев Назарбаевтың көп жылғы сенімді серігі, ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовті орнынан алды, іле-шала ол тұтқындалған.

Оның үш орынбасары Марат Өсіпов, Дәулет Ерғожин мен Әнуар Садықұлов 9 қаңтарда қызметтен босатылғаны туралы ақпарат тараған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM