Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда баспана бағасы бір жылда 26 пайызға көтерілді

KAZAKBOL.COM

Қазақстанда қолданыстағы баспана бағасы бір жылда 26,8 пайызға, ал жаңа баспана құны 19,5 пайызға көтерілді. Бұл туралы Қазақстан ұлттық статистика жөніндегі бюро хабарлады.

2022 жылдың шілдесінде пәтерді жалға беру ақысы былтырғы жылдың осы айымен салыстырғанда 21 пайызға көтерілген.

Бюро мәліметінше, жаңа баспана бағасы әсіресе астанада шарықтап тұр — мұнда баға 27,9 пайызға өсті. Ескі баспана бағасы Қызылорда қаласында едәуір қымбаттаған — 46,7 пайыз. Пәтерді жалға беру ақысы Алматы қаласында әлдеқайда өскен — 48,3 пайыз.

Қазақстанда өткен жылдан бері тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасы өсіп жатыр. Жылжымайтын мүліктен бөлек, аса қажетті тауарлар бағасы қымбаттап кетті. Ресми мәлімет бойынша, жыл басынан бері азық түлік пен тауарлар құны 20 пайызға қымбаттады.

Қазақстанда бір жылда азық-түлік бағасы 15 пайызға өсті.

Бұған қоса, Қазақстанда инфляция шарықтап барады. Маусым айында үкімет елде бір жылдық инфляция 14 пайыз болғанын, азық-түлік инфляциясы 19 пайызға жеткенін мәлімдеді.

Дегенмен Ұлттық банк Қазақстанда 2022 жылдың аяғында инфляция деңгейі 13–15 пайыз аралығында болады деп болжаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM