Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда бірінші сыныпта үш тілді қатар үйретуді алып тастамақ

KAZAKBOL.COM

Қазақстанда білім бағдарламасына тағы өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұл бірінші сыныпта үш тілді, қазақ, орыс және ағылшын тілін қатар оқытуға байланысты.

Осылай деп білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Nur.kz порталына берген сұқбатта айтты.

Ол бірнеше тілді білу артықшылық екенін, бірақ бастауыш сыныптарға келгенде, зерттеулер жүргізгеннен кейін бірінші сынып оқушысы үшін бірден 3 тілді меңгеру қиынға соғатынына көз жеткізгенін айтады.

«Мәселе дидактика мен физиологияда. Біз бұл мәселе бойынша шешім қабылдадық және бірінші сыныпта қазақ тілінде оқытатын мектептерде бала бір ғана тілді – қазақ тілін меңгеруі, яғни алдымен өз ана тілінде оқу мен жазуды меңгеруі үшін жұмыс істеп жатырмыз. Екінші сыныпта бағдарламаға орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады. Орыс тілінде оқытатын мектептерге келсек, 1-сыныпта орыс және мемлекеттік тілдер, 3-сыныптан бастап ағылшын тілі болады. Әдістемелік тұрғыдан алғанда бұл орынды, мұндай зерттеулер мен ұсыныстар жасалып қойған, сондықтан біз оны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», — деді министр.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM