Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы жетекші еуропалық зерттеу нәтижелері ұсынылды

KAZAKBOL.COM

STADA фармацевтикалық компаниясы 15 елде өткізілген STADA Health Report 2022 жыл сайынғы төртінші халықаралық зерттеудің нәтижелерін Қазақстанда ұсынды. Есептеменің тақырыбы – постковид кезіндегі адамдардың өз денсаулығына қамқорлығы».

Соңғы сегіз жыл ішінде STADA жыл сайын Еуропаның әртүрлі елдеріндегі адамдардың денсаулығына қатысты мәселелерді қарастыратын кеңейтілген Health Report шығарады. Биыл есепке алғаш рет Қазақстан қосылды.

Осы жылдар ішінде STADA Health Report денсаулық сақтау саласындағы ең беделді және ауқымды еуропалық зерттеулердің бірі болды. Зерттеу қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандарға, журналистерге және қарапайым азаматтарға жаһандық және жергілікті бөлімдерде адамдардың өз денсаулығына деген көзқарасы қалай өзгеретінін, өз елінің денсаулық сақтау жүйесін қалай бағалайтынын, осы салада қандай жаңа тенденциялар мен мәселелер пайда болатынын көруге көмектеседі.

Биыл зерттеуге 30 мыңнан астам адам қатысты. Зерттеу нәтижелері, барлық жағынан пайдалы ақпаратпен, STADA өз серіктестерімен, БАҚ өкілдерімен және мемлекеттік органдармен ақысыз бөліседі.

Арминас Мацевичус, ТМД елдері бойынша STADA Директоры:

«STADA фармацевтикалық компаниясы Қазақстанда 2002 жылдан бастап жұмыс істейді. IQVIA деректері бойынша, 2021 жылдың қорытындыларына сәйкес біздің компания Consumer Healthсare (рецептурасыз құралдар, витаминдер, ББҚ) сегментінде нарықта екінші орын алады. Біз нарықтағы жетекші ұстанымдарымызды мақтан тұтып қана қоймай, сондай-ақ саланы дамыту және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға үлес қосу үшін өзіміздің жауапкершілігімізді сезінеміз. Бүгін біз STADA Health Report төртінші ауқымды зерттеуінің нәтижелерімен нарықтың басқа қатысушыларымен және реттеушілермен бірге ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайту бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін бөлісеміз, осылайша өз миссиямызды — адамдардың денсаулығына қамқорлық жасауды ұстанамыз».,

Төменде STADA Health Report 2022 зерттеуінің кейбір деректері келтірілген.

61% қазақстандықтар ресми медицинаға сенеді

Екі пандемиялық жыл ішінде ақ халатты адамдар көптеген адамдардың өмірін сақтап қалды және қоғам оны байқамай қалмады. Сауалнамаға қатысқан Қазақстан тұрғындарының 61%-ы ресми медицинаға, яғни емханалар мен стационарларда көрсетілетін қызметтерге сенеді.

Ресми медицинаға сенетін Қазақстан тұрғындарының 35%-ы ғаламтордағы ақпаратты қайта тексереді.  Респонденттердің тағы 17%-ы емдеудің балама әдістерін (мысалы, гомеопатия және акупунктура) білгісі келетіндерін мойындады.

47% қазақстандықтар денсаулық мәселесінде ғалымдарға сенім артады

Бұл зерттеулер Қазақстандықтардың денсаулық мәселесінде көбіне ғалымдарға сенім артатынын көрсетеді — бұл көрсеткіш 47%-ға жетті. Екінші орында — терапевттер (41%). Сенім арту деңгейі бойынша көшбасшылар үштігіне эпидемиологтар да (40%) кірді, ал Қазақстандағы респонденттердің әрбір үштен бірі фармацевтерге сенеді. Еуропалықтар ғалымдарды рейтингте екінші орынға ауыстырған (61%) жалпы тәжірибелік дәрігерлерге (65%) көбірек сенім артады. Үшінші орынға 60% көрсеткішпен басқа медицина қызметкерлері (терапевт дәрігерден басқа), аурухана қызметкерлері және кіші медицина қызметкерлері шықты. Фармацевттердің ақпаратына еуропалықтардың 57% сенеді.

Қазақстандықтардың 58%-ы пандемия кезінде ем алуда қиындықтарға тап болды

Соңғы екі жыл ішінде әлемнің барлық елдерінің денсаулық сақтау жүйелері үлкен жүктемеге тап болды. Қазақстандық респонденттердің 58% және сұралған еуропалықтардың 57% пандемия кезінде емделуде қиындықтарға тап болғанын атап өткені таңқаларлық емес. Қазақстандықтардың 30%-ы (Еуропа бойынша орташа көрсеткіш 22%) дәрігерге дер кезінде жазыла алмады. Қазақстанда сұралғандардың 28%-ы жеткізудегі іркілістерге байланысты дәріханада қажетті дәрі-дәрмектерді таба алмағандарын нақтылады (Еуропа бойынша орташа көрсеткіш – 10%). Қазақстан тұрғындарының 12%-ы және Еуропа тұрғындарының 22%-ы ауруды жұқтырып алудан қорқып, дәрігерге баруды кейінге қалдырды немесе тоқтатты. Қазақстандықтардың тағы 16%-ы қаржылық қиындықтарға байланысты дәрі-дәрмек сатып ала алмады, ал сауалнамаға қатысушы еуропалықтардың ондайы тек 6% болды.

68% қазақстандықтар веб-камера арқылы дәрігермен кеңесе алады

Пандемия кезінде адамдар арасындағы қашықтықтан байланыс қарқынды дамыды. Телемедицина жаһандық трендке айналуда. Мұны STADA Health Report зерттеуінің нәтижелері де растап отыр: Қазақстан тұрғындарының үштен екісі (68%) дәрігердің күрделі емес немесе қайталанған аурулар кезінде web-интерфейс арқылы оларға консультация беруіне мүмкіндік берді. Бұл көрсеткіш орташа еуропалық көрсеткіштен (64%) асып түсті.

Онлайн-консультацияларды жақтап пікір білдірген Қазақстан респонденттерінің 36%-ы уақытты үнемдеу үшін осындай нұсқаға келіседі. 32%-ы мұндай кеңес алуды елестете алады, бірақ оның қажеттілігі науқастың нақты мәселесіне байланысты. Қазақстан респонденттерінің тек 13%-ы ғана дәрігермен онлайн-кездесуді елестете алмайды, ал 19%-ы дәрігермен бетпе-бет консультацияның өте маңызды екенін мойындайды.

STADA Health Report туралы

STADA Health Report зерттеуі бастапқыда жергілікті деп ойластырылған және денсаулық сақтау мәселелерінде Германия халқының хабардарлық деңгейін бағалауға бағытталған. 2018 жылы есеп алғаш рет халықаралық деңгейге шықты. 2022 жылы STADA компаниясы InSights Consulting зерттеу компаниясын тарта отырып, қайтадан халықаралық сауалнама жүргізді. Ол онлайн-сауалнама арқылы 2022 жылдың наурыз — сәуір айларында 15 елде жүзеге асырылды: Австрия, Бельгия, Чехия, Франция, Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Португалия, Сербия, Испания, Швейцария, Ұлыбритания, Румыния елдерінде. Биылдан бастап Қазақстан тұрғындарының пікірі жалпыеуропалық қоғамдық пікір картасында да өз орнын тапты. Әрбір елде 2000-ға жуық адамнан сұхбат алынды. 18 жастан асқан сұралғандардың жалпы саны —  30 000 адам.

STADA Arzneimittel AG компаниясы туралы

STADA AG — халықаралық компаниялар тобы, Consumer Healthcare сегменті өнімдерінің, дженериктердің, мамандандырылған препараттардың ірі өндірушілерінің бірі. STADA AG штаб-пәтері Бад-Фильбель қаласында (Германия) орналасқан. STADA өнімдері 120 елде ұсынылған. Компаниялар тобының құрамында бүкіл әлемде 20-дан астам өндірістік алаңдары бар.

STADA Қазақстан нарығында 2002 жылдан бері жұмыс істейді. IQVIA мәліметтері бойынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ол Consumer Healthсare сегментінде нарықта екінші орын алады. Компанияның қазақстандық қоржыны өмірлік қажеттіні қоса алғанда, дәріханалық бөлшек саудада ең көп сатылатын 17 терапевтік топтан тұратын дәрілік заттарды қамтиды.

Компанияның ресми сайты:

https://stada.kz/stada-health-report-2022/

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM