Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар қайта көбейді

KAZAKBOL.COM

Қазақстанда 13 шілдеде 1104 адамнан коронавирус анықталған. Бұл жөнінде коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Ең көп көрсеткіш Алматы қаласы (350) мен Нұр-Сұлтан (328) және Шымкентте (102) тіркелген. Қалған облыстардағы жағдай төмендегідей:

Ақмола облысында – 14
Ақтөбе облысында – 10
Алматы облысында – 88
Атырау облысында – 18
Шығыс Қазақстан облысында – 13
Жамбыл облысында – 40
Батыс Қазақстан облысында – 11
Қарағанды облысында – 58
Қостанай облысында – 15
Қызылорда облысында – 16
Маңғыстау облысында – 12
Павлодар облысында – 10
Солтүстік Қазақстан облысында – 10
Түркістан облысында – 9 науқас тіркелген.
Пандемия басталғалы бері 1 312 294 адамға коронавирус жұққан.

Қазір 4 477 адам коронавирустан емделіп жатыр. 79-ы коронавирус пневмониясына шалдыққан. 14 адамның жағдайы ауыр, бір пациенттің жағдайы өте ауыр, бір науқас жасанды тыныс аппаратымен демалып жатыр.

Коронавирустың тарауы бойынша «сары аймақта» Алматы қаласы тұр. Қалған өңірлер мен қалалар «жасыл аймақта». Осыған дейін Алматы билігі жабық ғимараттарда, қоғамдық көліктерде міндетті түрде маска тағу міндеттелетінін хабарлаған.

Қазақстанда коронавирустың қайтадан күшейе бастағаны маусым айының басында байқалған. Ол кезде наурыз айынан бері алғаш рет 100 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған және Қазақстан үкіметі маска тағу режимі қайта оралуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM