Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда шілдеден бастап төрт күндік жұмыс аптасы пайда болады

KAZAKBOL.COM

2023 жылы шілдеден бастап Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасы пайда болады, деп хабарлады Учет.kz сайты.

Еңбек кодексіне 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң енеді.

Еңбек кодексінде бес күндік немесе алты күндік, сонымен бірге толық емес жұмыс аптасы (жұмыс мерзімі тараптардың келісімімен анықталады) деген ұғымдар бар. Сонымен бірге өндірістердің кейбір түрлерінде қажет болған жағдайда әр апталарда бес күндік және төрт күндік жұмыс аптасы бекітіліп жүр. Мұндай тәртіп кодекстің 3-тармағы 71-бабымен реттелді.

Заң өзгерген соң Еңбек кодексінің екінші тармағы 78-бабымен белгіленген мөлшерден тыс жұмыс уақыты былай анықталады: «Төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында белгіленген мөлшерден тыс жұмыстың жалпы ұзақтығы жұмыс уақытының бәрін қоса есептегенде айына он екі сағаттан, жылына жүз жиырма сағаттан аспауы тиіс».

Бұған дейін заңның бұл тармағында былай деп жазылған: «Белгіленген мөлшерден тыс жұмыс уақытының ұзақтығы айына он екі сағаттан, жылына жүз жиырма сағаттан аспайы тиіс».

Бес күндік, алты күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасының бәрінде жексенбі демалыс күнге жатады. Бес күндік және (немесе) төрт күндік жұмыс аптасында екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық келісім-шартпен немесе еңбек тәртібінің ережелерімен реттеледі.

Заң авторларының пікірінше, жұмыстың мұндай тәртібін бір апта бес күндік жұмыс, келесі апта алты күндік жұмыс деп бөлу арқылы қолдануға болады. Мәліметтерге қарағанда, жұмыстың мұндай тәртібі халықаралық еңбек тәжірибесінде бар.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM