Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстаннан қуылған «путиншіл поп-жұлдыздар» Ташкентке «Жара» концертін өткізуге барады

KAZAKBOL.COM

Ресей Украина аумағына басып кіруі мен батыс санкциялары ресейлік өнер қайраткерлерінің шығармашылық кеңістігін тарылта түсті. Алайда Ташкент Ресейдің «путиншіл» әртістеріне қақпасын айқара ашып отыр.

Соғысты ашық қолдайтын ресейлік жұлдыздар Батыста ғана емес, КСРО-ның бұрынғы елдерінде де кедергіге тап болды. «Z-батальон» немесе «путиншілдер бандасы» деп сипатталған «Жара» музыкалық фестивалін Әзербайжан мен Қазақстанда ұйымдастыруға тыйым салынды, бірақ биыл Ташкентте өтетін болды.

Ресейдің отызға тарта әртісі қатысатын музыкалық фестикаль 23 мамырда өзбек астанасындағы «Жаңа Өзбекстан» саябағында ұйымдастырылады.

Ташкентте «Жара» фестивалі өтетіні бір апта бұрын мәлім болды.

«Ұйымдастырушылар русофобия салдарынан шара өтетін орынды ауыстыруға мәжбүр: Алматыда 9-12 наурызда ашық аспан астында өтуі тиіс болған «Жара» фестивалі Ташкентке ауыстырылды. Бұған қазақстандық әлеуметтік желілердегі белсенді русофобия себеп болды», — деп мәлімдеген концерт ұйымдастырушылар.

Мәдениет пен туризм саласына жақындығы бар дереккөздің хабарлауынша, өзбек жағы фестивальға қатысушылар құрамын қарап, елдің бейтарап ұстанымына сай тепе-теңдік сақтауға талпынып жатыр.

Ресейдің «Жара» фестивалін Қазақстанда өткізу жоспарына жергілікті белсенділер кедергі жасады. Әлеуметтік желілердің қазақстандық сегментінде осы фестивальға қарсы ауқымды наразылық акциясы болды. Қазақстандық желі қолданушылардың дені путиншіл әртістердің концертін өткізу «Украинадағы соғысты қолдау» дегенді білдіреді деп санайды.

Былтыр Әзербайжан да дәл осындай себеппен осы фестивальді өткізуден бас тартқан.

Азаттықтың Өзбек қызметінің Өзбекстан мәдениет және туризм министрлігіндегі дереккөзінің айтуынша, «Жара» фестивалін Ташкентте өткізуге президенттің үлкен қызы Саида Мирзияева рұқсат берген.

«Жараның» астанада ұйымдастырылуына әлеуметтік желілердегі өзбекстандықтар да қарсы шығып жатыр.

Айта кетерлігі, өзбек олигархтарының салтанатты кештерге ресейлік әншілер мен әртістерді шақыру дәстүрі баяғыдан бар.

Былтыр Ташкенттегі фестивальға Кремль үгіт-насихатын жүргізуге белсенді түрде араласып, Қырым аннексиясын қолдаған ресейлік режиссер Никита Михалков арнайы қонақ ретінде қатысқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM