Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстаннан Қырғызстанға мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаған құбыр табылды

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметі Қазақстаннан Қырғызстанға мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топты анықтады деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Құқық қорғау қызметкерлері шамамен үш шақырым жерге көмілген құбыр күніне 100 тонна мұнай өнімін Қазақстаннан Қырғызстанға заңсыз тасымалдап келген деп болжайды. Жасырын құбыр Шу облысы Кен-Булун елді мекенінде жүргізілген арнайы шара кезінде табылған.

«Қазіргі кезде нақты шығын көлемі, қылмыстық топ жетекшілері мен оған қатысы бар мемлекеттік орган өкілдері анықталып жатыр» делінген Қырғызстанның экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет таратқан хабарламада. Ведомство дерегінше, заңсыз өнімдерді сақтаған қойма да анықталған.

https://www.centralasian.org/a/30233861.html

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM