Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстаннан McDonald’s кеткен соң орнына ресейлік «Вкусно – и точка» келуі мүмкін

KAZAKBOL.COM

Қазақстан қазір ресейлік «Вкусно – и точка» компаниясының тауар белгісін тіркеу туралы өтінішін қарап жатыр. Бұл туралы Қазақстан әділет министрлігіне сілтеме жасап жергілікті БАҚ хабарлады.

Ресейлік «Система ПБО» компаниясының «Вкусно – и точка» тауар белгісін тіркеу туралы өтінішін Қазақстанның сарапшылар ұйымы қарап жатыр дейді Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары департаментіне сілтеме жасаған «Интерфак-Қазақстан» агенттігі.

Былтыр ақпанда Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін McDonald’s компаниясы Ресейдегі ресторандарын жапқан. McDonald’s-тің Ресейдегі желісін жергілікті кәсіпкер Александр Говор сатып алған. Маусымда Ресейдегі McDonald’s ресторандары «Вкусно – и точка» деген жаңа брендпен қайта ашылған.

Биыл қаңтарда Ресейден ет тасымалдау мүмкіндігінен айырылған McDonald’s Қазақстан нарығынан да кететіні туралы хабар тараған. Қазақстандағы McDonald’s франшизасының операторы Food Solutions KZ елде жаңа бренд пайда болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

McDonald’s франшизасы қазақстандық бизнесмен Қайрат Боранбаевқа тиесілі. Ол – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы. Боранбаев былтыр наурызда «квазисектордан ірі көлемде қаражат жымқырды» деген күдікпен ұсталып, тергеуге алынған. Қазір оның ісі бойынша сот өтіп жатыр. Боранбаев өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM