Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанның қорғаныс министрлігі әскери техниканың ел ішіндегі қозғалысын «оқу-жаттығулар» деп түсіндірді

KAZAKBOL.COM

Қазақстанның қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілердегі «Украинаға қарсы соғысуға барады» делінген мәліметті жоққа шығарды. Тұрғындар әскердің батыс және солтүстік аймақтарға қарай беттегенін көрген.

Мессенджерлерде таралған видеода әскери техниканың әскер дайындығы кезіндегі іс-қимылы бейнеленген, деп түсіндірді қорғаныс министрлігі.

«Қорғаныс министрлігінің Шортанды қаласындағы Әскери колледж студенттері тәжірибеден өту үшін Семей гарнизонындағы әскери техника алдырылды. 25 ақпаннан 3 наурызға дейін Қарағандыдағы әскери техника Гвардия гарнизонына, сонымен бірге Алмытадағы техника Ақтау гарнизонына барады. 1-4 наурыз аралығында Қарулы күштер техникасы Шымкенттен Тараз бен Түркістанға, Айша-Бибі полигонына барып, сосын кері қайтады», — делінген Қазақстан қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.

Осы уақыт аралығында Батыс Қазақстандағы әскери техника темір жолмен оңтүстікке жөндеуге жіберіледі.

Әлеуметтік желілерде темір жолмен тасылып жатқан әскери техниканың суреттері мен видеолары жарияланған. Желі қолданушылар Қазақстан әскерді Украинаға жібергелі жатыр деп болжаған. Қорғаныс министрлігі бұны жоққа шығарды.

Министрліктің мәлімдеуінше, Қазақстан әскерін Украинаға немесе басқа бір елге жіберу жөнінде ешқандай өтініш түспеді. Жанжал ошақтарына әскер жіберу туралы шешімді парламент қабылдайды, президент соған қатысты ұсыныс айтады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM