Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазан айында Қазақстанда ҰҚШҰ-ның әскери жаттығуы өтеді

KAZAKBOL.COM

Қазақстан қарулы күштері Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдермен бірлесіп жаттығу өткізеді. Осылай деп Қазақстанның қорғаныс министрлігі хабарлады.

«Биыл қазан айында Қазақстан аумағында жедел әрекет ету бойынша «Өзара ықпалдастық — 2022», барлау күшімен «Іздеу — 2022” және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша «Эшелон — 2022″ әскери жаттығулары өтеді», — делінген мекеме таратқан мәлімдемеде.

Бұдан бөлек ҰҚШҰ әскери жаттығуы «Меже — 2022» деген атпен Тәжікстанда және «Мызғымас бауырластық — 2022» деген атаумен Қырғызстанда өтпек.

«Шараларды өткізудегі мақсат — ҰҚШҰ жүйесін белгіленген тапсырманы орындауда дайындығын арттыру»,- делінген хабарламада.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, қазақ қоғамы ҰҚШҰ құрамын Украинаға жіберуі мүмкін деп алаңдаған. Бірақ Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев ҰҚШҰ жарлығына сай, Қазақстан тек БҰҰ мандатына сәйкес бітімгершілік күшін жібере алады деген.

ҰҚШҰ 1992 жылы құрылған. Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдері мүше.

Биыл қаңтар оқиғасы кезінде көтерілісті басу үшін, президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ны көмекке шақырған. Ол сол кезде елде террористік акті болып жатыр деп мәлімдеді.

Қазақстанға ұйымға мүше елдерден 2500 сарбаз келген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM