Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазан соты мектепте оқ атқан Ильназ Галявиевті екі айға қамау туралы шешім шығарды

KAZAKBOL.COM

Қазанның Совет аудандық соты №175 мектеп гимназиясында оқ атқан Ильназ Галявиевті екі айға қамау туралы шешім шығарды. Оған «адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылды.

Тергеуші мәліметінше, Ильназ Галявиев 11 мамырда гимназияда 17 рет оқ атқан. 9 адам қаза болып, 21-і зардап шеккен. Бұдан бөлек мектептің бірінші қабатына жарылғыш зат қойған. Бірақ одан ешкім зардап шекпеген.

Ильназ Галявиев кінәсін толық мойындаған. Тергеушілердің айтуынша, ол өмір бойы түрме жазасына кесілуі мүмкін.

12 мамырда мектепте қайтыс болған жеті оқушы мен екі мұғалім жерленді.

Мектепке шабуыл жасаған 19 жастағы Ильназ Галявиев осы мектепте білім алған. Одан кейін 4 жыл колледжде оқыған. Бірақ соңғы жылында оқудан шығарылған. Тергеу комитетінің мәліметінше, ол психиатр не наркологта есепте тұрмаған.

«Бірақ басы ауыратынын айтып, дәрігерлік көмекке бірнеше рет жүгінген екен. Былтыр оған бас миы ауырады деген диагноз қойылған. Биылдан бастап оның жақындары оның мінез-құлқынан агрессия, тез ашуланатын өзгерістер байқаған.

Татарстанның Балалар құқығы жөніндегі уәкілі Ирина Волынец Галявиевтің осыған дейін полицияда не қандай да бір әлеуметтік қызметте есепте тұрмағанын айтады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM