Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ҚМДБ «қазақстандықтарды қажылық жасатамыз деп Сауд Арабиясына апарып, алдап кеткен» компания туралы айтты

KAZAKBOL.COM

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Zam-Zam Qazaqstan компаниясы қазақстандықтарды қажылық жасатамыз деп Сауд Арабиясына апарып, алдап кетті» деген ақпаратқа түсініктеме берді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Zam-Zam Qazaqstan атты компанияның қазақстандықтарды қажылыққа апарып, Сауд Арабиясында олардың құжаттары дұрыс болмай шығып, қамалғаны хабарланған еді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы 29 маусым күнгі хабарламасында аталған компанияның қажылық бойынша қызмет көрсетуге қатысты тиісті лицензиясы жоғын атап көрсеткен.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұған дейін «Zam-Zam Qazaqstan» (заңды атауы – Zam Zam store) компаниясының қажыларға қызмет көрсетуге қатысты тиісті лицензиясы, осы жылы ресми қажылық орындарын алған туроператорлар тізімінде жоқ екенін, сондықтан аталған фирманың қызметіне мүлде жүгінбеу туралы бірнеше рет дабыл қағып, мәлімдеме жариялаған болатын. Сонымен қатар мүфтият қажыларды осыған дейін алдап, далада қалдырған аталған компанияның заңсыз әрекеттері туралы құқық қорғау органдарына шағым түсірген» деп жазылған хабарламада.

«Компания жетекшісі заң алдында жауап беруі тиіс» деген діни басқарма аталған компания ҚМДБ-ны «жалған қажылық квоталарын жасады» деп айыптағанын да жазған. Әзірге полиция бұл мәселе бойынша түсініктеме берген жоқ.

Журналист Гүлмира Әбіқай 29 маусымға қараған түні Instagram парақшасында «сол жақта жүргендердің бірінің хатын» жариялаған. Жазбада «бір топ адамның кезекте тұрғаны» көрінеді. Арасында қариялар да бар. Олар Сауд Арабиясында жүрген сияқты.

«1.5 күн түрмеде болдық. Концлагерде. Тамақсыз, сусыз үлкен кісілер қатты қиналды. Тіпті дәретханаға жібермеді. Бұл кісілер өтірік құжат жасайды екен. Өтірік қонақ үй. Түгі жоқ. Қонақүй мүлдем тамақ берген жоқ. Үнді кварталында орналасқан өте нашар қонақ үй. Қанша ақша берсек те дұрыс жағдай көрмедік. Ақша деп өліп қалған адамдар екен. Тамаққа үнемдеп жатыр…» деп жазылған хатта.

Азаттық әзірге сол жақта қалған азаматтармен хабарласа алмады.

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, жоғарыда аталған компания 2021 жылы елде коронавирус індеті өршіп тұрған кезде қажылыққа баруға шектеу қойылғанына қарамастан «Меккеге адамдарды жалған вакцина паспортымен апарған».

29 маусымда Азаттық Zam-Zam Qazaqstan компаниясының бірнеше телефонына хабарласқанмен ешқайсысы жауап бермеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM