Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз-өзбек шекарасы маңында тағы бір жерасты жолы табылды

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанның Ферғана облысында Қырғызстанға алып баратын тағы бір жерасты жолы табылған. Мұнда жер астына түсетін лифт, бақылау камералары және электр жарығы болған.

23 маусымда Ферғана облысы Риштан ауданының тұрғыны Т. М. есімді азаматтың үйінен жерасты жолы табылған. Бұл үңгір Қырғызстанның Баткен облысы Қадамжай ауданына алып барады деп хабарлайды Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі.

Арнайы операция кезінде жүк көлігін жүргізген ер адам ұсталған. Жүк көлігінен 2707 мобильді телефон табылған. Тексеру барасында IPhone 13 Pro Max, Samsung Galaxy S 22 ultra, RedMi Note 11 pro секілді жалпы құны 15 млрд сум болатын телефондар тәркіленген.

Жерасты жолы ұсталған ер азаматтың үйін тінту кезінде табылған. Бұл жол екі ел арасында заңсыз тауар тасымалдау мақсатында пайдаланылған. Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеу ісі жүріп жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM