Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз арнайы қызметі сот жүйесіндегі жемқорлықты әшкереледі

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 16 желтоқсанда сот билігі органдары жүйесіндегі жемқорлықты әшкерелегенін хабарлады.

Комитет мәліметінше, сот жүйесін цифрлау жобасын жүзеге асыруға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу аса ірі көлемде бюджет қаражатын заңсыз жолмен алу схемасын анықтады. Жемқорлыққа Жоғары сот басшылығының, Сот департаментінің және «Әділет сот» мемлекеттік мекемесінің, коммерциялық ұйымдардың және солармен байланысты тағы бірнеше адамның қатысы бар.

Арнайы қызмет мәліметінше, қылмыстық іс аясында сот жүйесі мен жекеменшік бизнестің 11 лауазымды өкілі жауапқа тартылды, солардың алтауына сот үкімі шықты. Жемқорлық қылмыстардан мемлекет 18 млн 988 мың сом шығынға ұшырады. Тергеу барысында шығын толық қайтарылды.

Комитет күдіктілердің есімдерін атамады, алайды биыл көктемде Жоғарғы сот төрайымы Гүлбара Қалиева қызметтен шеттетілгені мәлім. Қалиева өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM