Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз азаматтары қаңтарда азапталғанына қарамастан, Қазақстан мен Қырғызстан құқық көмегі келісімін жаңалады

KAZAKBOL.COM

Қазақстан мен Қырғызстан екі ел арасында азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара көмектесуді реттейтін келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама қабылдады, деп хабарлады ресми баспасөз.

Хаттамаға екі елдің делегациялары 26 мамырда Бішкекте қол қойған.

Бұның алдында тәуелсіз медиа Қазақстан қаңтар оқиғасы кезінде азапатталған қырғызстандықтар істер тергеуге асықпай отырғанын жазған.

Мамыр айының басында қырғыз музыканты Викрам Рузахуновтың адвокаты Азаттыққа Қазақстандағы істі тергеу тоқтағанын айтқан. Қырғызстан билігі Рузахунов қауіпсіздігін қамтамасыз етпеді, сол себепті ол тергеу шараларына қатысу үшін Алматыға барудан бас тартты. Оның үстіне, музыкантты Алматыда азаптағанына қатысты бұл істе әлі күнге дейін ешқандай күдікті анықталмаған, дейді адвокат.

Қазақстанда қаңтар айының басындағы наразылықтан соң ұсталып, тергеу изоляторларында азапталғандар арасында кем дегенде екі қырғыз азаматы бар.

Викрам Рузахуновты қазақстандық күш құрылымдарының өкілдері ұстап, аяусыз ұрып-соққан, сосын мемлекеттік телеарна эфирінде «ақша үшін акцияға шыққан қылмыскер» ретінде көрсетуге тырысқан. Көпшілік жұрт музыкантты танығаннан кейін ғана Викрам елге оралды. Ақпан айында Алматы облысының жемқорлықпен күрес басқармасы азаптау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Тағы бір қырғызстандық — 47 жастағы Чолпонбек Сыдыков 8 қаңтарда Алматыдан Қырғызстанға қайтып келе жатқанда ұсталды. Қаңтардың аяғында оны Бішкекке жеткізді. Оның екі аяғы да сынған, миы шайқалған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM