Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз басшысы Тәжікстанмен арадағы шекара мәселесін тезірек шешкісі келеді

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанмен арадағы шекара мәселесі, құдай қаласа, жақын уақытта шешіледі. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Кабар» ұлттық ақпарат агенттігіне берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Тәжікстанмен келіссөздер тоқтамағанын, шекараның 600 шақырымы бойынша келісім жасалғанын, енді 300 шақырымның мәселесін шешу керектігін айтты.

«Тәжікстанмен шекара мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Мәселе шешіліп жатыр. Бірақ мәселе баяу талқыланып жатыр. Біз ғана емес, екі жақ та асықпайды. 30 жыл бойы реттелмеген шекара мәселесі бір айда шешіле салмайды. Даулы жерлер бар. Дау шешілмейінше екі шақ шекараға бағана орната алмайды. Бұны түсінбейтіндер шекараны шегендеу керек деп жүр. Дау шешілгенде ғана екі жақ бағана тұрғызуға кіріседі. Шекара бекеттері ашық тұрады. Сауда басталады. Тәжікстанмен қарым-қатынас Өзбекстанмен арадағы байланыс сияқты болады. Солай болады деп үміттенемін», — деді президент.

Биыл ақпан айында хабарланғандай, Қырғызстан мен Тәжікстан топографтары бір жылға жуық уақыт аралығында шекараның 81 шақырымын анықтаған.

16 сәуірде президент Садыр Жапаров 664 шақырымның мәртебесі анықталғанын мәлімдеді, ал 17 сәуірде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон осы ақпаратты растады.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы мемлекеттік шекара 970 шақырымға созылып жатыр, соның 519 шақырымы ғана дау туғызбайды. Шекара бойындағы даулы жерлерде көрші екі елдің тұрғындары үнемі жанжалдасып қалып жүр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM