Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз депутаттары электробус сатып алу кеңесіне 3 млн доллар беруге қарсы

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан парламентінде ел үкіметінің Азия банкімен бірлесіп сатып алынатын 120 электробусқа қатысты келісімді бекіту жайлы мәселе көтерілді.

Қаржы министрінің орынбасары Руслан Татиковтың сөзінше, Қырғызстанға 1,5% сыйақымен 32 жылға 25 млн доллар несие беріледі. Оның алғашқы 8 жылы жеңілдетілген, 1% сыйақымен берілмек.

Бұдан бөлек 25 млн доллар грант есебінде беріледі. Ал қырғыз үкметінің бөлетін ақшасы – 9 млн доллар. Жобаның жалпы құны – 59 млн доллар. Жоба 3 жылға арналған, 2024 жылы аяқталуы тиіс.

Бірақ бірқатар депутаттар келісімнің кейбір шарттарына қарсы шықты. Атап айтқанда Ирина Карамушкина кеңес үшін берілетін қаражаттың тым көп екенін айтты.

«Сіздер 120 электробус сатып аламыз дейсіздер, бірақ ол барлық қалаға жетпейді. Жобаны әзірлеуге 500 мың доллар, ал кеңес үшін 3 млн доллар бөлінбек. Неге қымбат?» — деп наразы болды депутат.

Оны бірқатар әріптестері де қолдады. Талқылаудан кейін жоба қаржы министрлігіне қайта өңделуге жіберілді.

Былтыр ақпан айында Азия даму банкі 350 электр автобусы сатып алуға қаржы бөледі деген ақпарат тараған. Ол кезде жоба 50 млн долларға бағаланған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM