Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз депутаты Өзбекстанмен шекарадағы өткізу бекетін ашуды сұрады

KAZAKBOL.COM

Жогорку Кеңеш депутаты Бақыт Торобаев 3 ақпанда ел билігін Қырғызстан мен Өзбекстан қарым-қатынасын нығайтуға күш салуға шақырды.

Оның айтуынша, екі ел шекарасында әлі де бірқатар өткізу бекеттері жабық тұр.

«Созақ ауданында өткізу бекеті бар. Өзбекстан ашуға дайын. Бірақ біз жақтан кедергі бар. 2020 жылы бұл бекет арқылы 2 млн 200 мың адам Қырғызстанға келген. Олардың 68% Өзбекстаннан келген. Ферғана жазығында 11 млн адам тұрады. Егер олар елге келетін болса, бізде туризмнің, бизнестің дамуына мүмкіндік болатын еді», — деді Торобаев.

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасы 1378 шақырымды құрайды. 2017 жылы шекара аймағындағы 85% жер бекітілді, 15% әлі даулы күйінде қалып отыр деп хабарланған. 2021 жылдың наурыз айында Садыр Жапаров Өзбекстанға барған ресми сапары кезінде шекара мәселесін үш айдың ішінде толық шешеміз деп мәлімдеген.

Бүгінгі күні Қырғызстан мен Өзбекстан арасында жалпы 15 өткізу бекеті бар.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM