Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз дипломаттары тәжік түрмесінде отырған азаматтарының халін білді

KAZAKBOL.COM

Тәжікстандағы Қырғызстан елшілігінің қызметкерлері 6-7 мамырда абақтыда жазасын өтеп жатқан қырғыз азаматтарымен кездесті.

Қырғызстанның СІМ мәліметінше, дипломаттар Вахдат, Душанбе және Явон ауданындағы абақтыда жазасын өтеп жатқан төрт қырғызстандықпен кездескен.

Кездесу барысында жазасын өтеушілерді әке-шешесімен видео байланыс арқылы сөйлестіруге мүмкіндік берген.

Ресми мәлімет бойынша, 2021 жылы Тәжікстанда шекараны заңсыз кесіп өтті деген айыппен 39 қырғыз азаматы ұсталған. 27-сіне қылмыстық іс қозғалған. Бірақ олардың бірі де шекарадағы қақтығысқа байланысты сотталмады делінген.

Былтыр қараша айында Душанбе үш қырғызстандықты босатқан. Кейін тағы үшеуін босатамыз деген. Осыған дейін Қырғызстанда да екі тәжік азаматы босатылған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM