Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз экс-президенті Алмазбек Атамбаев кардиология орталығына түсті

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев №27 колониядан Ұлттық кардиология орталығына ауыстырылды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне оның адвокаты Замир Жоошев хабарлады.

Қорғаушының айтуынша, 25 сәуірде 1-май аудандық соты Атамбаевтың дәрігерге қаралу қажеттігі туралы арызды қанағаттандырды.

«Содан бері тура бір ай өтті, бүгін оны Ұлттық кардиология орталығына ауыстырды», — деп хабарлады адвокат.

Бұрынғы президенттің ұлы Қадыр Атамбаев «Азаттыкқа» әкесінің «қолы мен аяғы ұйық қалатынын, отырып-тұруы қиындағанын» айтты.

«Оның омыртқасы бүлінген, жүрегінде ақау бар, ас қорытуы нашар. Мұндай диагнозды жекеменшік клиникада емес, №47 колонияның емдеу департаментінде қойған. Дәрігерлер оның соттарды көтере алмайтынын мойындап отыр», — деді Қадыр Атамбаев.

Алмазбек Атамбаевтың ауруханада қанша уақыт жататыны әзірге белгісіз.

Бұның алдында экс-президент денсаулығына байланысты сот отырыстарына қатыса алмайтынын бірнеше мәрте мәлімдеген. «Диагнозым жақсы емес. Дәрігер оны жақсы біледі. Мағат сотқа келіп-кету, залда отыру оңай емес. Мүгедек болып қалғым келмейді, олардың қалағаны да осы», — деді бұрынғы президент соттың 14 сәуірдегі отырысында.

Президент Садыр Жапаров Атамбаевқа қатысты соттарды ашық өткізуді сұраған.

2011-2017 жылдар аралығында Қырғызстан президенті болған Алмазбек Атамбаев 2020 жылдың аяғынан бері Бішкектегі №47 колонияда отырды. Биыл сәуірде оны Молдовановка ауылындағы №27 колонияға ауыстырды.

Оны Қой-Таш оқиғасына қатысты іс бойынша соттап жатыр. Сонымен бірге 2020 жылғы маусымда Атамбаев қылмыс әлемінің дөкейі Әзіз Батукаевты түрмеден заңсыз босатқаны үшін 11 жылға сотталған. Алмазбек Атамбаевтың үстінен бұлардан басқа тағы бірнеше қылмыстық іс қозғалған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM