Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз экс-президенті Атамбаев тәртіпті бұзды деп сот залынан шығарылды

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев денсаулығына байланысты сот залында отыра алмайтынын айтып, өзін алып кетуді талап етті.

2020 жылдағы Қазан оқиғалары бойынша сот процесіне қатысып жатқан Атамбаев қазір омыртқасында үш жарықшағы бар екенін, отыра алмайтынын айтып, камераның әйнегін ұрғылаған.

«Мені судья сотқа қатыстырмайды деп сенем, онда осындай құқық бар. Мені өмір бойы жазаға кес, бірақ мені қинауды тоқтатыңдар», — деді Атамбаев.

Осыдан кейін оны сот залынан алып кетті.

Осының алдында сот отырысы кезінде ол өзін нашар сезініп, жәдел жәрдем алып кеткен.

Қырғызстанды 2011-2017 жылдары басқарған Атамбаевқа «Батукаев ісі», Кой-Таш оқиғалары, Қазан оқиғалары бойынша айыптар тағылған. Бұдан бөлек көлеңкелі қаражатты заңдастыру, Бішкек Жылу электр орталығын модернизациялау, Калыс-Ордо ауылындағы мектеп құрылысына бөлінген ақшаны ұрлау, төлқұжаттарды заңсыз жазып беру секілді айыптар тағылған.

Қылмыс әлемінің белсендісі Азиз Батукаевты 2013 жылы түрмеден заңсыз босатты деген айыппен Атамбаев жақында 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Қалған істері бойынша сот ісі жалғасып жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM