Қырғызстан мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы Әділет Кубанычбеков мекемедегі тауар контрабандасы толығымен жойылды деп мәлімдеді.
«Кәсіпкерлерге айтарым: біз контрабандаға қарсы соғыс аштық, қазір ол жоқ», — деді шенеунік Азаттық радиосы қырғыз қызметіне берген сұқбатында.
Кубанычбеков «Азаттыктың» кеден қызметіндегі жемқорлыққа қатысты журналистік зерттеуіне байланысты қызметтік тексеру нәтижелерін жариялады. «Жемқорлыққа қатысы бар делінген 40 қызметкердің 14-і жұмыстан шығарылды, алтауы кадр резервіне ауыстырылды. Төрт айдан соң біз оларға басқа жұмыс ұсынамыз, оған келіспегендері жұмыстан шығады. Қалған 20 адамның жемқорлыққа қатысы жоғы анықталды, бірақ оларды жауапты қызметтерге тағайындамадық», — деді кеден қызметінің төрағасы.
Халықаралық республикалық институт зерттеуінде кеден қызметі 2020 жылы Қырғызстандағы ең жемқор мекеме деп танылған. Институт сауалнамасына қатысқан 1,5 мың адам осылай деп жауап берген.
KAZAKBOL.COM