Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз милициясы түрік мектептері желісінің басшысы Орхан Инандыны іздеп табуға күш салады

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан милициясы халықаралық «Сапат» білім мекемесінің президенті Орхан Инандыны іздеп табу үшін бар күшін салады. Қырғызстанның ішкі істер министрлігі 2 маусымда осылай деп хабарлады.

Инандыны іздеп табуға күш салуды қырғыз президенті Садыр Жапаров тапсырған. Президенттің баспасөз қызметі Орхан Инандының Қырғызстан азаматы екенін растады.

Бұл уақытта, Түркияның Қырғызстандағы елшілігі алдында Инандыны табуды талап етушілердің митингі өтіп жатыр. Акцияға қатысушылар оны Түркияның арнайы қызметі ұрлап әкетуі мүмкін деп қауіптенеді. Елшілік осы айыптауға қатысты пікір айтпады.

Бұның алдында адвокат Зоотбек Құдайбергенов Инандыны күшпен Бішкекте ұстап отыр деген расталмаған ақпарат барын хабарлаған.

«Сапат» білім мекемесінің президенті Орхан Инанды 1 маусымда түнде жоғалған. Оның автокөлігінің есігі ашық қалған. Ұлының айтуынша, Инанды соңғы рет 31 мамырда кешке телефонмен байланысқа шыққан.

Түркия тумасы Орхан Инанды — «Сапат» түрік мектептері желісі мен «Ататүрік Ала-Тоо» университетінің негізін қалаушы. Қырғызстан азаматы.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM