Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз парламенті өмірі мен денсаулығын сақтандырмағандарды елден шығармауды ұсынды

KAZAKBOL.COM

Жогорку Кенеш депутаты Экмат Байбакпаев «Қырғыз Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы» заң жобасын талқылауға ұсынды.

Құжатта елден уақытша шығатын азаматтар өмірін немесе денсаулығын сақтандыруы міндетті екені айтылған.

«Қырғыз Республикасының азаматтары өмірі мен денсаулығын сақтандыру жөніндегі келісімге отырып, оны тексеру-бақылау пунктерінде көрсетуге міндетті. Құзырлы мемлекеттік органдар өмірі мен денсаулығын сақтандырған азаматтарды ғана шекарадан жіберуге міндетті», — делінген заң жобасында.

Сақтандыру полисі жоқ азаматтарды Қырғызстаннан шығармайды.

Депутаттың айтуынша, жоба мақсаты – мемлекет бюджетіне түсетін салмақты азайту. Мемлекеттік көші-қон қызметінің мәліметінше, 2019 жылы «200-жүкті» тасуға бюджеттен 14,4 млн сом бөлінген.

Ресми емес мәлімет бойынша, бір миллионға жуық қырғызстандық еңбек миграциясында жүр. Олардың дені Ресейде жұмыс істейді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM