Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз премьер-министрі «Құмтөрден» салықтан бюджетке тағы 3 млрд сом түсетінін айтты

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның премьер-министрі Ақылбек Жапаров 15 желтоқсанда «Құмтөр Голд Компани» кәсіпорнынан салықтан бюджетке түсетін қаражат жөнінде айтты.

«Құмтөр бойынша салық уақытылы түсіп жатыр. 12 айдың ішінде кенді игеруге жетті. Осының алдында кенді су басып қалды деген. Осы уақытқа дейін 1,5 тонна алтын алды. Бір жылға біз күткен жоспар орындалады деп күтеміз», — деді Жапаров.

Үкімет басшысының сөзінше, компания геологиялық барлау жұмысын жүргізгені үшін қосымша 4 процент бюджетке төлеп жатыр.

«Естеріңізде болса, «Центерра» бюджетке 13%, Ыстықкөл облысын дамыту қорына 1% төлеп келген. Сонымен бірге барлау ісі бойынша 4% төлеу керек болған. Бірақ компания мұны төлемей келген. Енді төлеп жатыр», — деді Жапаров.

Ол сонымен бірге жыл соңына дейін Centerr Gold Inc. компания басшылығымен келіссөз аяқталуы тиіс екенін атап өтті.

Осының алдында қаржы министрлігі соңғы 11 айда бюджетке Құмтөрден 6 млрд 998 млн сом қаражат түскенін мәлімдеген.

Құмтөр – Қырғызстандағы ең ірі алтын кені. Одан жыл сайын 15-17 тонна алтын алынады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM