Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз президенті қордағы 1 млн кг қант пен 500 тонна майды саудаға шығаруды тапсырды

KAZAKBOL.COM

Азық-түлік бағасы күрт өскен жағдайда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қордағы 1 млн кг қант пен 500 тонна майды саудаға шығаруды тапсырды.

Азық-түлік тапшылығы мазаламауы тиіс, деп мәлімдеді төтенше жағдайлар жөніндегі министр Бообек Ажикеев.

Оның айтуынша, көтерме сауда өкілдерінде қант жеткілікті, бірақ бөлшек саудада тауар жоқ.

«Қанттың бір келісі 100 сомға дейін жетсе, бір қабы 5 мың сомға сатылған. Президентіміз қордағы бір миллион кг қантты саудаға 70 сомнан шығаруды тапсырды. Сонымен бірге, президент тапсырмасына сәйкес, біз 500 мың литр өсімдік майын 130 сомнан сатамыз», — деді Ажикеев.

Министрдің мәлімдеуінше, мемлекеттік материалдық қорында қант пен май «толып тұр».

Бішкектегі «Глобус» пен «Фрунзе» гипермаркеттері азық-түлік саудасына шектеу енгізді. Компаниялар шешімін аса қажетті тауарлар тапшылығына жол бермеу әдісі деп түсіндірді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM