Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз президентінің баспасөз хатшысы Инандыны ұрлап әкетуге биліктің қатысы жоқ деді

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Эрбол Султанбаев «Орхан Инандыны ұрлап әкетуіне биліктің қатысы бар деген болжам ақылға сыймайтын нәрсе» деп мәлімдеді.

Ол Инандының жоғалғаны белгілі болғаннан Садыр Жапаров құқық қорғау органдарына тиісті тапсырма берді деді.

«Осыған дейін Орхан Инандыны үш рет ұрлап әкетуге әрекет болғаны, соңғысында арнайы қызметтің өкілдері құтқарып қалғаны белгілі болды. Арнайы қызмет оған оққағармен жүруге кеңес берген. Кеше сыртқы істер министрлігі Түркия елшісіне наразылық нотасын тапсырды. Олардан ресми жауап әлі келмеді. Бірақ олар Орхан Инандының Түркия азаматтығынан шықпағанын, түрік азаматы екенін ауызша жеткізді», — деді президенттің баспасөз хатшысы.

Жогорку Кеңеш 7 шілдедегі отырысында Инандының жоғалуы, одан кейін елден жасырын алынып кетуіне байланысты күш органдарының мәліметін тыңдады.

Тегі түркиялық қырғыз азаматы Орхан Инанды 1 шілдеге қараған түні жоғалып кеткен. Оның жақтастары табылуын талап етіп, бірнеше рет наразылық акциясын өткізді.

5 шілдеде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Инандыны Түркияға жеткізілгенін жариялаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM