Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз сайлау комиссиясының бұрынғы басшысы қамауға алынды

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы төрағасы Туйгунаалы Абдраимов екі айға қамауға алынды. 2 мамырда Бішкектің 1-май аудандық соты осындай шешім қабылдады, деп хабарлады адвокат Таалайгүл Токтакунова.

Абдраимов 30 маусымға дейін Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторында отырады.

«Біз одан жоғарғы инстанцияға шағымдандық. Оны «қызмет бабын асыра пайдаланды» деп айыптаған. Бірақ ОСК басшысының басқа да мемлекеттік органдарға бұйрық беретін құзыреті бар ма? Қылмыстық істі қарағанда осындай заңды сауал туындайды», — деді адвокат.

ҰҚМК бұның алдында Шу облысының бұрынғы губернаторы және ОСК-ның бұрынғы басшысы Туйгунаалы Абдраимов қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған. Тергеу мәліметіне қарағанда, ол ОСК басшысы болып тұрған уақытта Ыстық-Ата ауданы «Жээк ауылының басшыларын 11,2 гектар жерді алып жатқан қоқыс полигонын «Қайнар» компаниясына беруге мәжбүрлеген». Аталған компания акцияларының 95 пайызы Абдраимовқа тиесілі.

Қырғыз арнайы қызметі 2021 жылғы қыркүйекте шенеунікке қарсы сотқа дейінгі іс қозғаған. Оның үйі мен кеңсесі тінтілген, Абдраимов сегіз сағат бойы тергелген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM