Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз-тәжік шекарасында қырғызстандық сарбаз сабалған

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің шекара қызметі Тәжікстанның шекарашылары қырғыз сарбазын сабағанын 22 наурызда мәлімдеді.

Шекара қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 19 наурызда Ләйлектің Сада аймағында қызметін өтеп жатқан жауынгер шекара маңынан белгісіз көліктің тұрғанын байқаған. Ол көлікті тексеруге барғанда, тәжік шекарашылары бақылайтын аймаққа өтіп кеткен. Ол жерде тәжік тарабынан ұсталып, тек екі елдің сөйлесулерінен кейін босатылған.

Мәліметке қарағанда, оның басы жарылған, киімі қанға боялған. Ол тәжік шекарашыларының азаптағанын айтқан.

Қазір оның жағдайы бірқалыпты. Ауруханада емделіп жатыр. Қазір бұл оқиға бойынша тексеру жүріп жатыр. Тәжікстанның ресми органдары бұған қатысты пікір білдірмеді.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы қатынас 2021 жылдың сәуір айындағы қанды оқиғадан кейін суып кетті. Сол кездегі жанжалда Қырғызстан тараптан 36 адам қаза тауып, 154 кісі жарақат алған. Тәжікстан тараптан 19 адам мерт болып, 87-сі зардап шеккен. Екі тарапта да ондаған үй мен ғимараттар өртенген.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы соңғы қақтығыс биыл 27 қаңтарда орын алды. Онда Қырғызстаннан 13 адам жарақат алса, Тәжікстанның «Ховар» ақпарат агенттігі жанжал кезінде екі тәжік азаматының қайтыс болып, 10 адамның жараланғанын хабарлады. Бішкек пен Душанбе бұл оқиғалар үшін бірін-бірі айыптап келеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM