Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз-тәжік шекарасында әскерилер арасында атыс болды

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі 8 шілдеде қырғыз-тәжік шекарасында болған атысқа тәжік шекарашылары себепші болды деп хабарлады.

«Қырғызстан шекарашылары Лейлек ауданындағы шекара аймағында атпен кетіп бара жатқанда шабуылға тап болған. Нәтижесінде екі тараптан да оқ атылған. Зардап шеккендер туралы мәлімет анықталып жатыр», — деп жазылған мәліметте.

Шекара қызметінің Баткен облысындағы өкілі Кыялбек Төлөнбаев және өзге де күш қызметтерінің басшылары оқиға болған жерге барған. Екі тараптан да бұл оқиға тексеріліп жатыр.

Тәжікстанның ұлттық «Ховар» ақпарат агенттігі тәжік шекара қызметіне сілтеме жасап, оқиғаға қырғызстандық шекарашылардың заңсыз түрде Тәжікстан аумағына өтуге әрекеттенуі себеп болған деп жазған.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасында соңғы жылдары қарулы қақтығыс жиілеп кетті. Соңғы рет 28 сәуірден 1 мамырға созылған қарулы жанжалдан 36 қырғыз және 19 тәжік азаматы қайтыс болған. Екі тараптан 300-ге жуық адам зардап шеккен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM