Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз-тәжік шекарасында бір ауыл толық өртеніп кеткен, 13 мыңнан астам адам көшірілген

KAZAKBOL.COM

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, Қырғызстанның Тәжікстанмен шектесетін Баткен облысында қарулы қақтығыстың салдарынан бірнеше ауыл зардап шеккен. 13 мыңнан астам адам басқа жаққа көшірілген.

Баткен облысында жүрген Азаттық тілшілерінің айтуынша, шекараға жақын орналасқан Көк-Терек ауылындағы 17 үйдің барлығы жанып кеткен. Кызыл-Бел, Достук, Көк-Таш, Уч-Добо және Ақ-Сай ауылдарына қақтығыстың зардабы тиген. Жанар-жағар май станциялары өртеніп, дүкендер тоналған.

Лейлек ауданындағы Борбордук, Арка, Интернационал, Жаштык және Максат ауылдары да зардап шеккен. Мұнда 27 жанар-жағармай станциясы тұтас жанып кеткен, дүкен-дүңгіршектер тоналған.

Қақтығыс аймағынан 13 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған. Олар Баткен қаласындағы мектеп ғимараттарына орналастырылған. Тұрғындардың кейбірі туыстарын сағалаған, жергілікті қонақ үйлер де көмек қолын созып жатыр.

28 сәуірде Баткен облысының Тәжікстанмен шекаралас Көк-Таш ауылы маңында су тарату пункті аумағында қырғыз және тәжік азаматтары жанжалдасып қалған.

29 сәуірде шекарадағы жағдай ушығып, екі елдің әскери қызметкерлері арасында атыс болған. Ол жарым түнге дейін созылған. Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің шекара қызметінің хабарлауынша, атыс бейсенбі күні сағат 23:45-те тоқтатылған.

Түнде тараптар атысты тоқтатуға келісті және әскери техника мен күштерді шекара маңынан алып кетуге, жағдайды ушықтырмауға уағдаласқан.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қақтығыстан зардап шеккендер 134 адамға жеткен, 13 адам қаза болған. Тәжікстан ақпарат құралдары 90 адамның зардап шеккенін, 10 тәжік азаматының қаза болғанын жазды. Алайда ақпаратты әзірге ресми орындар растамады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM