Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз журналисін араздық тудырды деген күдікпен арнайы қызметте тергеді

KAZAKBOL.COM

«Азия Ньюс» газетінің бас редакторы Асланбек Сартбаевты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне тергеуге шақырды.

Жергілікті ақпарат құралдарының журналистің әйеліне сілтеме жасап хабарлауынша, журналисті құқық қорғау органдарының қызметкерлері алып кеткен.

Еске салайық, 7 тамызда Асланбек Сартбаевтың үстінен араздық тудырды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды. Журналистің интернетте жарияланған мақаласына сараптама тағайындалған.

Бұдан бір күн бұрын, 6 тамызда Сартбаев Facebook’тегі парағында Бішкек басшысы міндетін атқарушы Таалайбек Сарыбашов пен оның қызметкерлерінің суретін жариялаған. Суреттегі мәтінде автор шенеуніктерді сынаған.

Былтырғы қыркүйекте Қырғызстанның Жоғарғы соты «Азия Ньюс» газетін сол кездегі ішкі істер министрі Кашкар Жунушалиевке 300 мың сом (шамамен 3,5 мың доллар) төлеуге міндеттеді. Оның алдында басылымға бұрынғы вице-премьер-министр Жениш Разаков шағымданып, газет оған ​50 мың сом төлеуі тиіс болған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM