Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан үкіметі: Баткенде жыл соңына дейін 150 үй салынады

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан үкіметі Баткен, Ош облыстарындағы шекара жанжалында қираған үйлерді қалпына келтіру және аймақты дамыту бойынша комиссия жиналысын өткізді.

Мәліметке сәйкес, таяуда Баткен облысы бойынша 3942 азамат үйіне қайтып оралады. Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров үйіне қайтып келетін әрбір отбасыға көмек көрсетуді тапсырды. Оның сөзінше, үйі жанып кеткен отбасыларға жалпы 149,6 млн сом өтемақы төленеді.

Үкімет басшысы істің баяу жүріп жатқанын сынап, комиссия мүшелеріне ескерту жасап, сөгіс жариялаған.

14-17 қыркүйек аралығында Қырғызстан мен Тәжікстан әскерлері арасында қарулы қақтығыс болды. Жанжал салдарынан Қырғызстанның 62 азаматы мерт болып, 200-ге жуық адам жараланды. Жүздеген үй мен әскери нысан қирады. Шекара бойындағы аудандардың 140 мыңға жуық тұрғыны қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды. 18 қыркүйекте Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Тәжікстанды қарулы агрессия жасады деп айыптады.

Тәжікстан сыртқы істер министрлігі шекарадағы жанжалдан 41 адам қаза болғанын хабарлады. Озоди радиосының дереккөздері тәжік-қырғыз шекарасында мерт болған 74 тәжікстандықтың аты-жөнін жариялады. Тәжік жағында мерт болғандар мен зардап шеккендер туралы мәліметті басқа да тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін болмай отыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM