Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан әскери прокуратурасы Баткендегі сарбаз өлімін тексереді

KAZAKBOL.COM

Баткендегі 35524-әскери бөлімде келісім-шартпен қызмет еткен сарбаз өліміне қатысты тексеру жүріп жатыр. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне бас прокуратура хабарлады.

Құзырлы мекеме мәліметінше, оқиға Баткен гарнизоны әскери прокуратурасының электронды жорналында тіркелген, тергеу алдындағы тексеру басталған.

Бұның алдында қорғаныс министрі сарбаз абайсызда өзін атып өлтірді деп мәлімдеген.

«Оқиға себебі анықталып жатыр, соған қатысты қызметтік тексеру басталды» деп хабарлады бас прокуратура.

Бас прокурор Құрманқұл Зулушевтің хабарлауынша, 2022 жылы Қырғызстан қарулы күштерінде қайтыс болған төрт сарбаздың ісі суицид деп тіркелген.

«Қылым шамы» құқық қорғау ұйымының мәліметінше, 2012-2016 жылдар аралығында армияда түрлі себептермен алпыс адам қайтыс болған. Көп жағдайда марқұмдардың туыстары сарбаз өз-өзіне қол жұмсады дегенге күмән келтірген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM