Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан өнімдерін Ресейге шығару үшін Өзбекстанның агропойызын қолданғысы келеді

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан өзбек өнімдерін Ресейге экспорттайтын «Агроэкспресс» пойызын пайдаланғысы келеді. Осылай деп Қырғызстанның үкімет басшысы Ақыбек Жапаров «Коммерсантъ» газетіне берген сұқбатында айтты.

«Өзбекстан Ресейге агропойыз жөнелту мәселесін шешті. Біз сол пойызға өзіміздің вагондарымызды тіркегіміз келеді», — деді ол.

Қырғызстан Ресеймен бірге Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) құрамында. Одақ ережесіне сәйкес, мүше мемлекеттердің тауарлары еш кедергісіз бір-біріне өтуі тиіс. Бірақ Қырғызстан мен Қазақстан арасында тауарды Ресейге жөнелту мәселесінде жиі түсінбеушілік орын алады. Ал Өзбекстан әзірге бұл одаққа мүше емес.

Ташкенттен Мәскеуге ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдайтын «Агроэкспресс» пойызы қараша айының ортасында жүреді деп хабарланған. Өнімдер алдымен Қазақстанға жеткізіледі, әрі қарай Ресейге жөнелтіледі.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM