Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан Өзбекстаннан әкелінген қарбыз сапасын тексереді

KAZAKBOL.COM

Жалал-Абад облысы әкімдігінің экономика бөлімі басшысының орынбасары Ырысбек Изабеков осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, қырғыз-өзбек шекарасындағы «Достық» бақылау-өткізу бекетінің ветеринария және фитосанитария қызметі қарбыз сапасын тексере бастады.

«Шаруалар қарбыз арзандап кеткеніне ашулы. Олар биыл дизель мен ауыл шаруашылығы заттары қымбаттап кеткенін айтты. Шаруалар Өзбекстан қарбызының сапасын тексеруді сұрады», — дейді Изабеков.

23 маусымда Ақсы қаласында шамамен 300 адам наразылық акциясына жиналып, импортты қысқартуды, көрші Өзбекстан қарбызының сапасын тексеруді талап етті. Жергілікті шаруалар өнім арзандап кетсе, шығынды өтей алмай қаламыз ба деп алаңдайды.

Наразы шаруалармен Ырысбек Изабеков кездесіп, шекара бекеттеріне қарбыз сапасын тексеру жөнінде тапсырма берілгенін айтты.

Жалал-Абад облысы Ақсы ауданына қарасты Уч-Коргон ауылында 2,5 гектардан астам жерге қарбыз егілген. Шаруалар қарбыздың бір келісі 20 сомнан (0,25 доллар) түсіп кеткеніне наразы.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM