Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан 13 жылдан соң олимпиада тарихындағы екінші күміс медаліне қол жеткізді

KAZAKBOL.COM

Токиода өтіп жатқан олимпиада ойындарында қырғыз балуаны Ақжол Махмұдов күміс медаль алды. Грек-рим күресінде 77 килограмға дейінгі салмақта финалда белдескен Махмұдов венгриялық Тамаш Лоринцтен 1:2 есебімен жеңілді.

Финалдан соң Махмұдов Азаттық тілшісіне күміске көңілі толмайтынын білдірді.

— Қанағаттандырарлық күресе алған жоқпын. Өзім ойлағандай күреспедім. Қабілетімді көрсете алмадым. Финалда біраз асығып кеттім. Жинақы күресе алған жоқпын. Ұтылып қалғаннан кейін сезім қанағаттандырарлықтай болмай жатыр, — деді ол финалдан соң.

Балуан шешуші белдесуден соң ел президенті Садыр Жапаров хабарласып, құттықтағанын да айтты.

Бұл – тәуелсіз Қырғызстан олимпиада ойындарынан алған екінші күміс медаль.

Бұдан бөлек, әйелдер күресінен 68 келіде Мейірім Жұманазарова қолаға таласта моңғолиялық Соронзонболдын Батцэцэгті жеңіп, үшінші орын алды.

Екі балуанның арқасында Қырғызстан Токиодағы жазғы олимпиададан да алғашқы жүлделеріне қол жеткізді

Бішкектің орталық алаңында, басқа бірнеше қалада үлкен экраннан қырғыз балуанының күресі тікелей эфирде көрсетілді.

Ақжол Махмұдов 22 жаста. Ол – 2018 жылғы Азия чемпионы, сол жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Токиодағы ойындарда Қырғызстанның тағы бір спортшысы кемінде күміс медальға ие болмақ. Айсұлу Тыныбекова әйелдер күресінен финалға шықты.

62 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен Тыныбекова жартылай финалда украиналық Ирина Коляденконы 10:0 есебімен жеңді. 62 келіде финал 4 тамызда өтеді.

Айсұлу Тыныбекова – Қырғызстандағы танымал спортшылардың бірі. 2019 жылы ол Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленген. Бұл Қырғызстанның олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионатында алған алғашқы алтыны еді.

Токиодағы олимпиадаға Қырғызстаннан барлығы 16 спортшы қатысып жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM