Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан 20 жылға сотталған екі тәжік азаматын Душанбеге берді

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан Тәжікстанның 20 жылға сотталған екі азаматын қалған жаза мерзімін отанында өткеру үшін Душанбеге жөнелтті. Бұл жөнінде Озоди радиосы Тәжікстанның Соғды облыстық прокуратурасындағы дереккөзіне сүйеніп хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Лейлек аудандық соты «бейбіт өмірге қастандық жасады» және «тонау» баптары бойынша кінәлі деп танылған Абдурозик Абдукаххоров пен Аскар Юнусовты өмір бойы түрме жазасына кескен. Кейін Баткен облыстық соты олардың жазасын жұмсартып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарған.

Озоди радиосының мәліметіне қарағанда, тәжік азаматтары 7 маусымда Бішкектен Хожентке жеткізіліп, уақытша абақтыға қамалған. Тәжікстанның бас прокуратурасы олардың ісін қарап, жақын күндері шешім шығармақ.

Абдукаххоров пен Юнусов 2021 жылдың сәуір-мамыр айларында болған шекарадағы қарулы жанжалға байланысты ұсталған. Онда Қырғызстан тараптан 36 адам (арасында екі бала) қаза тауып, 180-нен астам адам жарақат алған. Жалпы 136 үй, бірнеше мектеп, балабақша және әлеуметтік нысандар өртеліп, бұзылған.

Тәжікстаннан 19 адам қайтыс болып, 87-сі жараланды деп хабарланған. Екі өлке бірін-бірі айыптап, қылмыстық іс қозғаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM