Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан: Checkit Media мемлекеттік арна қызметкерлерінің фейк-фабрикалармен байланысы туралы зерттеу жариялады (видео)

KAZAKBOL.COM

YouTube-арнасындағы Checkit Media платформасында 20 маусымда «Президентке фейктер жәрдемі керек пе?» деп аталатын зерттеу жарияланды. Онда мемлекеттік телеарна қызметкерлерінің әлеуметтік желілерде фейктермен ақпарат таратуға байланысы туралы сөз болды.

Зерттеу авторы Әсел Сооронбаеваның айтуынша, 2022 жылғы қарашада ұлттық телерадиокорпорация бөлімі құрылғаннан бастап белгілі бір аккаунттарда билікті мақтайтын, оппозицияны, үкіметтік емес ұйымдар мен тәуелсіз медиаларды даттайтын жазбалар көбейіп кетті. Checkit Media мәліметінше, мұндай жазбаларды мемлекеттік арна қызметкерлерінің жеке аккаунттары ғана емес, фейк аккаунттар да сөзбе-сөз көшіріп басып жүр.

Checkit Media-ның ұлттық корпорациядағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлауынша, телерадиокорпорацияның SMM-бөлімі президент әкімшілігі ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орунбековтен тікелей тапсырма алатын фейк-фабрикаға айналған.

Орунбековтің өзі мұндай мәліметті жоққа шығарып отыр.

2020 жылы «Клооп» басылымы «троллдер фабрикасы» және Дайырбек Орунбековтің фейк-фермалармен байланысы туралы зерттеу жариялаған.

Checkit Media платформасы биыл ақпан айында фейктермен және манипуляциямен күрес мақсатында құрылған. Оған Factcheck.kg, «ПолитКлиника», T-Media.kg, «Апрель ТВ», Bulak.kg, Mediahub және «Баштан Башта» секілді жеті редакция біріккен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM