Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан «Центерра» компаниясы сотқа берді

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан канадалық «Центерра Голд Инк» компаниясын «Құмтөр голд» кәсіпорны қызметкерлерінің құқықтары бұзылды деген негізде сотқа берді. Мұндай мәліметті «Құмтөрдің» баспасөз қызметі Азаттыққа растады. Бұл дау туралы алдын Mining weekly басылымы жазып шыққан болатын.

Шағымда Центерра 2021 жылдың мамыр айында Қырғызстан «Құмтөр голд» компаниясына сыртқы басқару кіргізердің алдында компьютерлерін бұғаттағаны айтылған. Қырғыз тарабы «Центерра Голд Инктин» әрекеттері компания қызметкерлерінің құқықтарын және қауіпсіздігін бұзған деп бағалаған.

«Центерра» Қырғызстанның шағымы туралы пікір білдірмеді.

Көктемде «Қүмтөрдің» сыртқы менеджері болып тағайындалған Теңіз Бөлтірік компаниядағы қауіпсіздік, мониторинг және операциялық жүйелер өшірілгенін жариялаған. Бірақ ол кедергілер көп өтпей жойылғанын айтқан.

Қырғызстан Құмтөр алтын кеніне биыл мамыр айынан бастап сыртқы басқару енгізіп, бақылауды толығымен қолына алған.

Кенде жұмыс істеген канадалық «Центерра Голд Инк» компаниясымен халықаралық арбитражда сот жалғасып жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM