Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан ІІМ оң рөлді көліктерге тыйым салуды ұсынды

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі оң рөлді көліктерді такси қызметіне пайдалануға тыйым салу жөніндегі қаулы жобасын қоғам талқысына шығарды. Жоба үкімет сайтында жарияланды.

Оған сәйкес, оң рөлді көліктер коммерциялық мақсатта жолаушы және жүк тасымалдай алмайды. Бұл жол апатын алдын алу дейді жобаны ұсынушылар.

Қырғызстанда 2015 жылдан бастап оң рөлді көліктерді тіркеуге тыйым салынған. 2018 жылы үкіметтің оң рөлді көліктерді «коммерциялық мақсатта» қолдануға тыйым салу әрекеті қоғам наразылығынан кейін жүзеге асқан емес.

Былтыр ІІМ такси қызметіне лицензия беру арқылы оң рөлді көліктерге тыйым салмақ болған. Бірақ бұл жоба кейінге қалдырылған.

ІІМ мәліметіне сәйкес, Қырғызстанда 17 мыңдай көлік жолаушы тасымалдайды. Оның тек жартысы оң рөлді көліктер. Министрлік жол апатының 60% оң рөлді көліктердің қатысуымен болатынын айтып келеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM