Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан көрші елдердің энергетика министрлерін Тоқтоғұл су қоймасын көруге шақырды

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның энергетика министрлігі Қазақстан мен Өзбекстан энергетика министрлерін Тоқтоғұл су қоймасын көруге шақырды.

Бұл туралы қырғыз энергетика министрі Доскул Бекмурзаев 18 қаңтарда парламент комитетінің отырысында мәлімдеді.

«Біз Қазақстан мен Өзбекстанның энергетика министрлерін, су мекемелерінің басшыларын қаңтардың аяғында келуге шақырдық. Біз оларды Тоқтоғұл су қоймасына апарамыз, су деңгейін көрсетеміз. Біз оларға ұсыныс хат жолдап, бәсеке емес, әріптестік қажет екенін айттық», — деді министр.

18 қаңтардағы мәлімет бойынша, Тоқтоғұл су қоймасында 9,5 млрд текше метр су жатыр, тура бір жыл бұрын мұндағы су деңгейі 1,8 миллиард текше метрге көп болған.

Қырғызстан жыл сайын электр қуатын импорттайды. Бірақ биыл оны бірнеше елден сатып алуға мәжбүр болды. Жыл басында Бішкек электр қуатын Қазақстан мен Өзбекстаннан алды. Бұған қоса, Бішкек Тәжікстан мен Түркіменстаннан да электр қуатын тартты, енді Ресейден импорттау жолдарын қарастырып жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM